19 шілде күні «Өзенмұнайгаз» ұңғымаларына геофизикалық зерттеу жүргізетін «БатысГеофизСервис» компаниясының 30 шақты қызметкері Жаңаөзен әкімдігінің алдына келіп, жұмыс шартын жақсартуды талап етті. Олар жалақыны 50 пайызға өсіруді, ақылы еңбек демалысын 30 күнге дейін ұзартуды, демалыс күндерін кесте бойынша бекітуді және ереуілдеген жұмысшыларды қудаламауды сұрайды.
Hide player controls
Hide resume playing