📝 СЕНІҢ БӨЛМЕҢДЕ.. Өзгеше болып көрінгенменде, Арманшыл жүрек менің кеудемде. Қиялдап кеттім, тұрсам деп күнде, Бір затың болып сенің бөлмең де. Өзімді мына, кімге баласам. Арманым менің мүлдем орасан. Бөлмеңде тұрған айнаңа айналып, Нәзік бейнеңе күнде қарасам. Талғамым биік етілген түйсем, Сенің тым ыстық отыңмен күйсем. Ақ терезеңнен, бөлмеңе түскен, Күн нұры болып бетіңнен сүйсем. Ойлар арылмай дара басымнан, Жүйрік қиялым ала қашырған. Ең болмаған да тарағың болып, Сипалап өтсем қара шашыңнан. Бір зат болсам ғой, ұсақта болсам, Бір апта, мейлі, үш апта болсам, Жалындап тұрған нәзік тәніңді, Көрпеңе айналып құшақтап алсам. Шашыңа айналып басыңда болсам, Сүйсініп жейтін асыңда болсам. “Алыстағы арман“ сағындым сені, Шіркін-ай, шіркін қасыңда болсам. © Ақжол УатХан
Hide player controls
Hide resume playing