Бірде бір патша өзінің қызметкерлеріне былай дейді. «Сарайымдағы заттардың қайсысына қолдарыңды тигізсеңдер олар сендердікі болады». Осыны ести сала бір адам қазынаға толы сандыққа қолын тигізеді. Екінші біреуі алтын құмыраны ұстайды. Сол сияқты басқа да адамдар бағалы, қымбат заттарға қолдарын тигізеді. Сонда араларындағы бір парасатты адам патшаға жақындап, қолын патшаға тигізеді. Патша оған: «Не істеп тұрсың?»,- дейді. Сонда ол адам: «Егер патшам, сіз менікі болатын болсаңыз, онда сізге тиесілі патшалықтың бәрі менікі болады»,- дейді. ❗Бұл оқиғаның астарындағы даналық келесіде. Алла Тағала бізге кез-келген нәрсеге иелік етуге мүмкіндік берді. Кім Аллаға қол жеткізсе, бүкіл нәрсеге қол жеткізген болады. Осыны естен шығармаңыздар! Осы нәрсе бәріміздің мақсатымыз болуы керек. Алланың разылығына жетуіміз керек! Дүниенің соңына түсіп, қалаған нәрсемізге иелік етсек болады. Бірақ, Алланы жоғалтып алмайық! Себебі кімнің Алласы болса, оның барлық нәрсесі болады. @alem_qutbasy
Hide player controls
Hide resume playing