25 қаңтарда, мектебімізде Жылы жүрек - жомарт қол! атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылып,жетім,мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы, аз қамтыған 30 оқушыға мектеп ұжымы және ата-аналар атынан сыйлықтар табысталды. Еңселі егемен еліміздің ертеңгі болашағы - Тәуелсіздік аясында алаңсыз өмір сүріп, тәрбиеленіп отырған ұрпағымыздың балалық бал дәуренінің уайымсыз өтуіне өз үлестерімізді қосып, қамқорлық көрсеткен қамқоршыларымызға білім ошағын басқарып отырған мектеп директоры Кулиева Жанар Шолпанқұлқызы Алғыс хаттарын табыстады. Іс - шара соңында қонаққа шақырылған оқушылардың қамқоршылары мен ата-аналарына мерекелік дастархан жайылды.Демеушілік жасаған мектеп ата-аналарына және мектеп ұжымына алғысымыз шексіз!
Hide player controls
Hide resume playing