«National Geographic Қазақстанмен» бірге әлемді таныңыз! Назарларыңызда әлемдегі ең үлкен балық әрі акула! Бұл кит акуласы лат. Rhincodon typus. Ерекше тіршілік иесінің ұзындығы 14 метрден асып, ал салмағы 20 тоннаға дейін жетеді. Осылайша ол тіпті кейбір киттерден де үлкен болып келеді. Ұрғашысы тірілей жұмыртқалайды (ovoviviparity). Ол ғалымдар жұмыртқаға теңеп жүрген 300-ден астам уылдырық шаша алады. Капсула іспетті бір ғана уылдырықтың ұзындығы 60, ал ені 40 сантиметрге дейін жетеді. Кит акуласы адам баласы үшін қауіпті емес. Олар өте баяу жүзеді. Бұл алып көбіне ұсақ балықтармен қоректенеді. Ас үлесінің басым бөлігін планктондар құрайды. Арнайы желбезек доға іспетті сүзгі суды осы теңіз жәндіктерінен бөліп алады. Ерекше жаратылыстың тістер саны 15 000 дейін жетуі мүмкін. Бұл тістер көбіне майда болып келеді. Олардың негізгі мақсаты қорек шайнау емес, тұзаққа түскен ас-ауқатты ұстап тұру б.т. Video by @bertiegregory
Hide player controls
Hide resume playing