Коронавирустық пандемия әлемнің экономикасына үлкен соққы беруде. Әсіресе, қарт құрлықтың көшбасшысы саналатын Германия үлкен зардап шеккені мәлім. Десе де, халықаралық Бумберг агенттігі Еуропа елдерінің біртіндеп ес жиып жатқандығын жазды осы аптада. Атап айтқанда, ірі өндірушілер де, жеке тауар шығарушылар да өнімдерін өткізе бастады. Бұл деген сөз шаруашылықтың күре тамырына қан жүгіртіп, жүрегіне жан бітірдіге саяды. Енді осы тұста мына бір жайтты ерекше атап өткен абзал. Қазір ел аузында коронавирус індеті қолдан жасалған, бәсекелес я бақталастарға экономикалық әлеуметтік соққы беру үшін ойластырылған әрекет деушілер бар. Расында солай ма? Себебі індет қытайдан шықты, онымен күресудің міндеті бүкіл әлемге жүктелді. Сарапшылар не дейді? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing