А.М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Тұлпар» әскери-патриоттық клубының оқушылары өлке намысын абыроймен қорғап келді. Жас отан қорғаушылар Қарағанды облысының “Спасск“ полигонында өткен II республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиынына қатысып жүлделі үшінші орынды иеленді.Облыс бойынша алдын-ала іріктеу кезеңінен өткен 20 оқушы еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 800- ге жуық қыз-жігіттермен әскери - спорттық сайысқа түсті.Оларды белсенді жастар жеңісімен құттықтап салтанатты түрде күтіп алды. Облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті басшысының орынбасары жеңімпаздарға белсенділік танытқаны үшін алхыс хат табыстады.
Hide player controls
Hide resume playing