6 мамырда Орал қаласы әкімдігінің қасындағы орталық алаңға жазу жазылмаған плакат ұстап шыққан 24 жастағы жергілікті тұрғынды полиция қызметкерлері ұстап әкетті деп хабарлады “Уральская неделя“ газеті. Басылым тілшілерінің хабарлауынша, Аслан Сагудинов есімді әлгі жігіт Қазақстанда сөз бостандығы жоқ екендігін осылайша дәлелдемекші болған. “Қолымда жазу болмаса да, қандай да бір ұран айтпасам да қазір мені полицейлер ұстап әкетеді, себебі біз демократиялық елде тұрып жатқан жоқпыз“ деген жас жігіт. Басылым ақпараты бойынша, Сагудинов алаңда бес минуттан артық тұрып үлгермеген. Полиция қызметкерлері оны көлікке күштеп салып, алаңнан алып кеткен.
Hide player controls
Hide resume playing