Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер. Темірі жоқ, кені жоқ, қазақ қайтіп күн көрер. Аптадағы үкіметте жасалған үшбу мәлімдеме осындай ойға итермелейді. Елімізде бұған дейін ашылған кейбір кен орындарының қоры таусылуға шақ. Шикізаттың шеңберінен шыға алмай келе жатқан біздің елдің экономикасына бұл қаншалықты зардап әкеледі? Тәуелсіздік алғалы бері кен орындарын іздеп, жаңаларын ашып, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізгеніміз шамалы дейді мамандар. 30 жылға жуық уақыт өтті, барымыз түгесіле бастағанда қайтпек керек деген өткір сұрақ туындап отыр. Себебі кен орнын ашып, барлап, өндіріске енгізу процессі кемі 15-20 жыл уақыт алады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing