Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен “Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама“ аясында, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен тұлғалармен жұмыс жүргізуге арналған семинар-тренинг өткен болатын. Жиынға қаламыздағы мемлекеттік мекеме басшыларымен, жауапкершілігі шектеулі серіктертіктер, коммуналдық мекеме басшылары және жауапты мамандары қатысты. Кездесу барысында экстремизм және тероризмнің қауіптілігін, қоғамға қатерін, сонымен қатар деструктивті диіни ағым түрлері мен белгілері және “Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы“ кеңінен түсініндірілді. Жиын соңында қатысушы қонақтардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер берілді.
Hide player controls
Hide resume playing