Петропавлда полицейлер жедел іс-шаралар кезінде 20 жастағы қала тұрғынын және облыс маңындағы аудандардың бірінде тұратын 22 жастағы жігітті ұстап, қамауға алды. Олар синтетикалық есірткілерді сату және жарнамалауда күдікке ілініп отыр. Қылмыстар Telegram мессенджеріндегі “интернет дүкен“ арқылы жасалған. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ жігіттер жалдап тұрған жалдамалы пәтерде есірткі заты салынған полимер түйіншіктер алынды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл “спайс“ атауымен белгілі психобелсенді заттың концентраты, оның мөлшері 250-ден астам бір реттік дозаға жеткілікті. Сондай-ақ буып-түйетін материал – 500 зиплок пакеті тәркіленді. ________________________________________________ Сайт: Telegram-канал:
Hide player controls
Hide resume playing