Сәлем Достар! Қазіргі таңда заманның талабына сай білім алуға, алған біліміңді орынды пайдаланып, озық болуға асығуымыз басты мақсатымыз болып келеді. “Білекті бірді білімді мыңды жығады“- демекші, жастайынан білімдар болып, қазіргі таңда қандай да бір жетістікке жетіп отырған азаматтарымыз баршылық . Осы жылдың 16 қаңтар күні компаниямыздың басшысы, қазақ-түрік мектеп интернатының Süleyman Demirel Üniversitesi жоғарғы оқу орнының түлегі Жанат Рахмани туған жерінде “Туған мектепке тағзым“ атты іс- шараға қатысып келді. Еліміздің көптеген ірі қалаларында қазақ-түрік лицейлері бар екенін білеміз. Және де мектептің артықшылығы, Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, “Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел- құл болмайды“,-демекші, білім бере отырып, тәрбиені де тепе тең ұстап келеді. Аталмыш іс-шарада, жас түлектерге мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру тақырыбында сұрақ-жауап ретінде әңгіме өрбіді.
Hide player controls
Hide resume playing