Кеңестер билігі орнамай тұрып қазақтың даласы қандай еді, тіпті отарлау дәуірінде яғни патшалық Ресей кезеңінде қазақ даласы өзінің ұлттық негізін жоғалта қоймаған еді. Қазақтың тегін жоғалту үшін арнайы патша үкіметі жіберген татар миссионерлері де, орыс шіркеулері де ештеңе істей алмады. Қазақтың сан ғасырлық қалыптасқан мәдениеті олардың идеологиясынан әлдеқайда мықты болып шықты. Мұны сол кезде жерімізге саяхаттап келген Еуропалық саяхатшылар ауыздарының суы құрып жазып, тіпті жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрін көріп, таңдай қаққаны тарих бетінде әлі сақтаулы тұр. Ал енді қазақтың нағыз бай бағландары қандай болды?
Hide player controls
Hide resume playing