Осы аптаның тағы бір жаңалығы Доллар қымбатады. Әсілінде көк қағаз көкке өрлесе көпшілік таң қалмайды. Жазда бір ышқынып барып сабасына түскені есте. Бұл жолы 450 ге жетпесе де 437 теңгеге дейін көтерілді. Оның өзі де біраз жайдан хабар берсе керек. Бұрын сауда балансы төмендеді, мұнай арзандады, шикізатқа сұраныс азайды деп ақталатын еді жауаптылар. Қазіргі себебі езу тартқызбай қоймайды. Трамп коронавирус жұқтырыпты деген сыбыс, халықаралық нарықта қара алтын құнның құлауына түрткі болған деседі. Біреуге қараған күнің құрсын дейді бұндайда қазақ. Экономикасы әр тараптанбаған, шикізатқа тәуелді елдің сыртқы кірісі әрдайым әлдекімдердің түшкіргеніне де тәуелді болып қала береді. Бұл бүгінгі күннің шындығы. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing