Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Құм қоян өсімдіктің 118 түрімен қоректенеді. Оның 66 түрі шөптесін өсімдіктер, 38 түрі бұталар, 14-і ағаш тектес өсімдіктер. Құ мқоян қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығу қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қоян – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады. Көжегінің дене тұрқы 11 см, салм. 85 – 95 г болады. Құм қоян жыртқыш сүтқоректілер (түлкі, шиебөрі, қасқыр, дала мысығы, т.б.) мен құстар (бүркіт, жамансары, қарақұс, кезқұйрық, үкі, т.б.) аулап, қорек етеді. Көбейіп кетсе бау-бақшаға едәуір зиян келтіреді. Сондай-ақ, кейбір жұқпалы ауруларды таратады. Терісі жеңіл өнеркәсіпте пайдаланылады. ____________________________________________________________ #қоян #коян #зайец #зайчик #қоянғааңшылық #охотаназайца #кумкоян #құмқоян
Hide player controls
Hide resume playing