Қызыл, сары, көк және жасыл. Қазақстандықтарды осындай түстерге бөліп, қоғамдық орындарға тек QR-кодпен кіргізу ұсынылды. Оны еліміздің Цифрлық даму, Денсаулық сақтау министрліктері мен “Атамекен“ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп әзірлеген. Үш тарап ол үшін “Ashyq“ деп аталатын мобилді қосымшасын да ойлап тауыпты. Тың дүние авторларының пікірінше, кімде-кім кинотеатр, фитнес-орталығы, спа-салон сынды орындарға барса, кіреберісте қосымша арқылы арнайы QR-кодты сканерлеуі тиіс.
Hide player controls
Hide resume playing