Мешiт Ғазизұлы, Қостанай медиа холдингiнiң бас директорының орынбасары: Биылғы жылы әрбір облыс елордамыздың туған күні қарсаңында өз тартуын жасады. Осы тұста Ақтөбе облысының жасаған тартуы ерекше. Өйткені, бұл тарту біріншіден, бейбітшілік пен келісім символы ретінде қабылданып отыр, екіншіден сол кездегі Қазақстанның ядролық қаруға қарсы, бейбітшілікті қолдайтын мемлекет екенін көрсетіп тұр. Ақтөбе облысы жасаған тарту келешек ұрпақ үшін маңызды деп ойлаймын. Қазақ даласы кең дегенмен, жер ананың тартқан қасіреті, әсіресе, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына қаншалықты ауыр болғаны мәлім. Олар әлі күнге дейін ядролық сынақтың зардабын тартып келе жатыр. Бұл тартудың біріншіден, біздің бейбітшілікті жақтайтын халық екенімізді, екіншіден ынтымақтастықты насихаттайды. Астана ядролық қарусыздандыру мәселесінде алға шыққандығы мәлім. Және осы жолда Ақтөбе облысының тартуы ерекше қуантады.
Hide player controls
Hide resume playing