ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН МЫҢ АЛҒЫС Бүгін көктемнің алғашқы күні, 1 наурыз біздің елімізде ерекше күн. 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесінің орны ерекше. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданымыздың белсенді жастарынан құралған еріктілер тобы Қандыағаш қаласындағы білім беру мекемелеріндегі, орталық аурухана, білім бөлімінің ғимаратында жұмыс жасайтын (бұрынғы НГДУ ғимараты) кіші қызметкерлерге және де көше тұрғындарына тосын сый жасап, өздерінің сыйлықтарын тарту етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыстарын білдірді. @zhasaktobe @jas_mugaljar
Hide player controls
Hide resume playing