Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Жыл қызық басталды. АҚШ-та Трамп шақыруымен жақтастары Капитолийге баспы кірсе, біздегі Қарашығанақтағы жұмысшылар аштық жариялады. Одан басқа осы жексенбі елімізде парламент мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтеді. Өзіміз сенетін адамдарға дауыс беру құқығынан баяғыда айырылғанымыздықтан, партияларға ғана дауыс бере аламыз, ал олар өз ішінде біздің мүддемізді қорғап, сөзімізді сөйлейтін адамдарды таңдайды. Шынымды айтсам, оларды неге әлі күнге дейін халық депутаттары деп атайтынын түсінбеймін. Оның үстіне, бәйгеге түсіп отырған бес партияның ешқайсы да шын мәнінде тәуелсіз емес екенін айтпаса да белгілі. Азаматтар ретінде қиын таңдаудың үстінде тұрмыз. Сайлайға бару керек пе әлде жоқ па? Бюллетенді бүлдіру нәтиже бере ме? Бәріміз бірігіп Ақ жолға дауыс беруіміз керек пе әлде? Наразылық акцияларына шығамыз ба? Басқа қандай жолдары бар және кім не ұсынып отыр? Осы шығарылымда елдегі әр түрлі саяси күштердің ұсынып отырған тактикасына тоқталамыз.
Hide player controls
Hide resume playing