“АДАЛ ЖОЛ - ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ“ МАРАФОН - ЭСТАФЕТАСЫ Қазақстан Республикасының Мемелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ағымдағы жылдың 28- наурызы мен 7-желтоқсаны аралығында республикалық «Адал жол- честный путь» марафон-эстафетасы өткізілуде.Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының өкілдері «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының эстафетасын арнайы туды тапсырумен Байғанин ауданынан салтанатты түрде қабылдады. Ағымдағы жылдың 18 мен 25 шілде аралығында Облыстық «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон-эстафетасы Мұғалжар ауданында жүзеге асырылады. Шараның басты мақсаты- Қоғамда халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, жемқорлыққа жол бермей, адал табыс табу әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымы болуы тиіс.
Hide player controls
Hide resume playing