2019 жылдың 1 қарашасында Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» Республикалық көрмесі өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры болып табылады. Конкурсқа қатысуға барлығы 224 өтінім берілді, оның ішінде өңірлік кезең барысында 57 жоба таңдап алынды, оның 14-і финалға шықты. Көрмеге Алматы қаласынан 4 жоба, Жамбыл облысынан 2 жоба, Шымкент қаласынан, Павлодар қаласынан, Қостанай қаласынан, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан бір жоба ұсынылады.
Hide player controls
Hide resume playing