Байқоңыр қаласында Кеңес одағынан бері алғаш рет коммуналдық жүйелер жаңартыла бастады. Биыл жұлдызды қалашықтағы тозығы жеткен 11 шақырымнан астам кәріз жүйесін жаңалау жоспарланған. Қазіргі уақытта 23 көп қабатты үй мен 1 мектептің 4 шақырымға жуық құбыры ауыстырылған. Қалған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы қалада 23 шақырым су және кәріз жүйелері бар. Көп жылдан бері қолданыста болған осы құбырлар соңғы кездері жиі істен шыға бастаған. Жобаның екінші кезеңінің сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, дейді мамандар. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: Біздің сайт - Facebook - Instagram - Telegram - Twitter - Vkontakte -
Hide player controls
Hide resume playing