Ұлы Отан соғысының ардагері, саналы ғұмырын Қазақстан прокуратурасына арнаған Өтеген Сейітовтің туғанына биыл 100 жыл. Аса көрнекті заңгер, он сегіз жыл бойы республика прокуроры болған тау тұлғаның есімі биыл қайта жаңғырды. Елдегі заңдылықты нығайтуға баға жетпес үлес қосқан Заңғар заңгердің мерейтойына орай, прокуратура органдары биылғы жылды «Сейітов жылы» деп жариялады.
Hide player controls
Hide resume playing