2016 жылғы 17 ақпан күні, сағат -да Текелі қаласы, Бөлтірік шешен көшесі 7/1 үйдің тұрғыны Ұлы Отан Соғысының ардагерлері Тыщенко Михайл Абрамовичке Алматы облысының «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері 17 ақпан күні Дүниежүзілік мейірімділік күнінде ҚР барлық өңірлерінде «Жас Ұлан әлеміндегі игі істер» атты Республикалық жобасының аясында балалар мен жасөспірімдер арасында қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға бағытында Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагерлерге көмек көрсету акциясын ұйымдастырды. Шараның басты мақсаты: өскелең ұрпақта қайырымдылық мәдениетін, сондай-ақ қоршаған адамдар үшін жеке жауапкершілік идеясын, балалар мен жасөспірімдерде адамгершілік сапасын, ізгілік мен мейірімділік, рақымдылық пен мейірбандық сезімдерін қалыптастыру, өмірде қиын жағдайға кезіккен адамдарға көмек көрсете жүріп қол ұшын беру, еріктілік қызметіне әр түрлі әлеуметтік және жас кезең топтарынан балалар мен жасөспірімдерді тарту.
Hide player controls
Hide resume playing