Ақ қағазға ақ қаламмен, Арман толы үн қаттым. Арзан сөзге алданбайтын Тыңда мені, қымбаттым. ⠀ Шын ғашықтар қосылады, Жұрт айтқанға сенбеймін. Қыз Жібектей құлпырсаң да Төлеген боп келмеймін. ⠀ Біз екеуміз бір әлембіз, Зерттемеген әлі ешкім. Мона Лиза емессің сен Мен да Винчи емеспін. ⠀ Айтшы маған қандай жансың, Дегеніме көнбейтін. Шәмші болсам ән жазар ем Көңіліңді тербейтін. ⠀ Бар сезімім отқа айналсын, Қарсы жауап бер мейлі. Мұқаң ұқсап махаббатқа Ішіп барғым келмейді. ⠀ Сен ақылды адамсың ғой, Жүрек неге жоқ дейді?! Сені қалай сүю керек Менің миым жетпейді.
Hide player controls
Hide resume playing