Техникалық ақауларға байланысты видеода әңгімемнің соңғы жағы көрінбей қалыпты, соны осында жазуды жөн санадым. Тек төртінші сыныпқа келгенімде сынып жетекшім - Нұранова Зәуре апай болды. Ол апай “Гүлмарал сен сабақты жақсы оқи аласың, сабақтарға қолыңды көтеріп қатыс, егер сабаққа жақсы қатыссаң 4-5ке шығасың, сосын “Ұландар“ қатарына ілінесің“ дейтін. Үйде отырып анам да апайымның сөзін қайталап айта беретін. Содан мен сабақтарға жақсы араласып, 4-5ке шығып “Ұландар“ қатарына іліктім. Сол себептен ЕКІНШІ ҰСТАЗЫМ - НҰРАНОВА ЗӘУРЕ апай деп айтамын. Содан бері төменге түсіп қалмауға алға жылжуға талпынып келемін. Бұл менің “Алғашқы ұстазым“ туралы шағын әңгімем. Видеоны көріп, тіркеліп, пікір жаза кетуді ұмытпаңыз. Сіздің де басыңыздан балалық шағыңызда осындай қызықты оқиғалар өткен болса, жаза кетіңіз.
Hide player controls
Hide resume playing