Сөйле, тілім алаңдама, тартынба Найзағайдай шындықты айтып жарқылда! Қалай ғана өмір сүрдім дей алам, Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?! Заман қалай, адам қалай өзгерді, Өзгергенді шүкір, қазір көз көрді. Арың менен ақиқаттың алдында Шындықты айтып, Шыңғыратын кез келді. Айтса нанар аңғал халық едік қой, Аңғалдықтан талай таяқ жедік қой. Халқымыздың қамын жеген ұлдарын О, ғаламат, «Халық жауы» дедік қой! Күні болған қазағымның сорлаған, Қасіреттің қара бұлты торлаған. Ешқашанда тарихымда даламның, Кешегідей бұрыс кету болмаған! Сеніп өскен халық едік малына, Малын алса, Қайтсін халық налымай?! Америка, Түркия, Қытайға, Жетіскеннен шашылды ма тарыдай? Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз, Ағайыннан алыс кетті арамыз. Үш миллион Аштан өлген бабамыз, Қалғанымыз қайда кетіп барамыз? Шұбарала болып кетті тілдерің, Айтатұғын келді бүгін күн
Hide player controls
Hide resume playing