ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде осы сәттен бастап және мәңгіге Қазақстан – Ұлы дала елі екенін жариялады. «Біз тарихымыздың жаңа шамын жақтық, сондықтан бүгін және мәңгілік Қазақстанымыз – Ұлы дала елі, бұл Ұлы жаңғырған дала елі, біздің Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі. Сүйікті Отанымыздың халықтық атауы осы - Ұлы дала елі», - деді Н.Назарбаев. Президент баса айтып өткендей, бұл атау «біздің Отанымыздың өткені мен бүгінгісін, болашағын айшықтап тұр. Біздің қазақстандық мінезіміз бен оның негізгі ерекшеліктері - ашықтық, рухани байлық, жүректеріміздің жылуы, қонақжайлылық, бейбітшілікті сүю, даналық пен еңбексүйгіштік сынды қасиеттері көрініс тапқан». «Біздің жаңа Қазақстанның осындай сипаты әр қазақстандықтың ой-санасында өз орнын тауып, бүкіл әлемде мойындалатынына сенімдімін», - деп атап өтті Елбасы.
Hide player controls
Hide resume playing