Алла қаласа Астананың сол жағалауында жаңа мешіт салынады. Оның капсуласын қалауға Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, - деп хабарлайды тілшісі. “Мешіттің негізгі ғимаратын салып жатырмыз, ол біздің аймағымыздағы ең үлкен мешіт болады. Мұсылман әлемінде бұл жай ғана діни ғимарат емес, ол қонақтар, туристер келетін елордамыз үшін әсемдік тұрғыда маңызды нысан саналады. Біз бұған дейін салынған және қазір салынып жатқан мешіттерді зерттедік. Ең жақсы жобаларды таңдадық. Жобаны өзім қараймын, бұл нысанның құрылысын басынан аяғына дейін өзім бақылаймын. Кейін бәріміз жиналып, оны ашамыз“, - деді Елбасы мешіттің іргетасына капсула қалау рәсімінде. Мешіт EXPO-2017 аймағында, Қабанбай батыр мен Мәңгілік ел даңғылдарының ортасына салынады. Оның сыйымдылығы - 30 мың адам, бұл еліміздегі және Орта Азиядағы ең үлкен мешіт болады. Мешітті түркиялық құрылыс компаниясы салатын болады. Жаңа мешіттің аумағы - 9,4 гектар. Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр болмақ. Мешіт мұнарасының биіктігі 130 метр,
Hide player controls
Hide resume playing