Құран Кәрім мен сахих хадистерде Аллаһ Тағаланың көптеген есімдері айтылған. Біз осы есімдер арқылы Алланыы танимыз. Ал сол есімдер арқылы дұға жасаудың абзал болатыны мына аятта айқын байқалады: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттарымен жалбарыныңдар» (7. Али Имран-180). Осы мәселе тұрғысында келесі бір аятта былай делінеді: «(Мұхаммед (ﷺ) оларға айт: Мейлі Алла деп, немесе Рахман деп дұға етсін. Қайсысымен дұға етсеңдер, атасаңдар да ең көркем аттар Оған тән» (17. Исра-110). Пайғамбарымыз (ﷺ) бір хадис-шәрифте: «Алла Тағаланың 99 есімі бар. Кімде кім сол есімдерді санап айтатын болса, жәннәтқа кіреді» (Бухари, Кита-бул шурут – 1193) - деген. ӘССӘЛӘМУ ЪАЛӘЙКУМ МҰСЫЛМАН БАУЫРЛАР! ВИДЕОЛАРЫМЫЗҒА ЛАЙК БАСЫП, РЕПОСТ ЖАСАП УАҒЫЗ-ДӘРІСТЕРДІҢ ТАРАУЫНА СЕБЕПШІ БОЛАЙЫҚ ИН ШӘӘ АЛЛА. СЕБЕБІ ХАДИСТЕ ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ҰЛЫ САХАБА МУАЗ ИБН ЖӘБӘЛГЕ (Р.А.) БЫЛАЙ ДЕП ӨСИЕТ АЙТҚАН: “ӘЙ, МУАЗ! СЕН СЕБЕПТІ АЛЛА ТАҒАЛА БІР АДАМДЫ ТУРА ЖОЛҒА БАСТАСА, ОСЫ ІСІҢ САҒАН БҰЛ ДҮНИЕДЕН ЖӘНЕ ОНДАҒЫ БАРЛЫҚ НӘРСЕДЕН ҚАЙЫРЛЫ БОЛМАҚ!” (Муснад, 5/235) Фейсбук: Вконтакте: Сайт: YouTUBE:
Hide player controls
Hide resume playing