Бүгін облыстың басты шыршасына өңір аудандарымен қатар, қала мектептерінің оқушылары қатысты. Әрқайсысы өздері сүйіп ұнататын кейіпкерлерінің образын сомдап келді. Бірі ертегі әлемінің актері ретінде сезінсе, енді басқалары Астанаға 20 жыл, Рухани жаңғыру бағдарламасына арнап киім тіктірді. Барлық балғындарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Президенттік шыршаға 300-ге тарта бала жиналды. Жылда дәстүрге сәйкес, оқуда, өнерде, спортта үздік оқушылар мұндай шарадан қалыс қалмайды. Өңір балаларын облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. Сценарий бойынша өрбіген ертегі балаларды қиял-ғажайып әлеммен таныстырды. Биыл шараға қатысқан Әмина Жапар да ән тартуын сыйға тартты. Концерттік бағдарлама мейрам көркін ажарлай түсті. Шара соңында үздік костюмдер байқауында жеңімпаздар анықталып марапатталды. Президенттік шыршада балалар Аяз ата және Ақшақармен бірге түрлі ойындарға қатысып, Жаңа жылдық әндерді шырқады.
Hide player controls
Hide resume playing