Түрлі гаджеттердің пайда болуымен интернет-алаяқтықтың да түр-түрі шығып жатыр. Қылмыскерлер қашықтықтан отырып-ақ, арам ойларын жүзеге асыруда. Мәселен, былтыр облыста интернет-алаяқтықтың 770-тен астам фактісі тіркелсе, оның 400-ге жуығы «банктен қоңырау шалу» әдісі арқылы жасалған. Сондай-ақ, алаяқтардың құрығына түсетіндердің басым бөлігі - оңай олжа тапқысы келген жандар, жастар және егде жастағы кісілер.
Hide player controls
Hide resume playing