Аллаға серік қосқан, зина жасаған, адамды да өлтірген адам, тәубе етіп, Исламды қабылдап, пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сахабасы атанады. Кезінде пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Хамза есімді батыр ағасын Уахши мұсылман болардан алдын Ухуд соғысында найзасын лақтырып оны өлтірген еді. Уақыт өте, Уахши сахаба (оған Алла разы болсын) Исламға келгеннен кейін Алла оған үлкен мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) дүниеден өтер сәті жақындағанда Мусайлима есімді кәззап, өтірікші өзін пайғамбармын деп жариялайды. Өзінің тайпасын және көрші тайпаларды да мұсылмандарға қарсы соғысуға үгіттеп, бүкіл істі қолға алады. Айтарлықтай күш жинап келе жатқан, Мусайлима кәззапты сол баяғы найзасымен Уахши (оған Алла разы болсын) жаншып өлтіреді...
Hide player controls
Hide resume playing