Алматы облысының Қаратал ауданына мобильді бекет қойылды. Алдыңғы апталарда екі-үш адамнан індет белгілері байқалса, өткен жетіде 10 тұрғынның сырқаттанғаны анықталған. Олармен қарым-қатынаста болғандар үй жағдайында оқшауланып, індет ошағы зарарсыздандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты әкімшілік аумақ бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары мен дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын тексеріп, сауалнама жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл – өңірдегі екінші тексеріс бекеті. Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Алакөл ауданында санитарлық пост ашылған еді.
Hide player controls
Hide resume playing