Кешегі «маусымды қандай қойылымнан бастағанымызды қалайсыздар?» деген сауалнамамызға оқырмандарымыздың дені «Асауға тұсау» қойылымын жазған екен. Осы орайда қойылым жайлы аз-кем мағлұмат бере кетуді жөн көрдік. . «Асауға тұсау» - асау қызды ауыздықтау емес, ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Озық ойлы, өр мінезді Петручио мен өткір де асау Катарина айналасында өрбитін қызу тартыс, ұтымды әзілге құрылған пьеса желісі, сан алуан кейіпкерлер характері езуге күлкі үйірмей қоймайды. . Әлемдік классиканың алтын қорынан ойып орын алған ағылшын драматургі У.Шекспирдің «Асауға тұсауы» қазақы табиғатпен етене үндесетін бірегей туындылар санатында. Ең алғаш 1943 жылы Мәскеудің А.Луначарский атындағы театр өнері институтының тәжірибелі ұстаздары О.Пыжова мен Б.Бибиковтың қолтаңбасында көрермен назарына ұсынылған комедия 2013 жылдың желтоқсан айында «Жастар театры» төрінде Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың режиссерлігімен заманауи үлгі, жаңашыл лепте үн қатты. . Қойылымның әуелгі
Hide player controls
Hide resume playing