Қазір ақпарат айдынындағы басты тақырып – Коронавирус пандемиясы. Бірақ жазғұтырым біздің ел үшін жыл сайын міндетті түрде келіп отыратын табиғи сынақ бар. Көктемгі су тасқыны. Есте болса, елорда іргесіндегі елдімекендер мен еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінің қар құрсауында қалғанын бірнеше рет көрсеттік. Халықтың жанайқайын жеткізген едік. Жұрт ақпанның бел ортасында ескерту жасаған, әуел бастан қам жасалмаса, суға кетеміз деп. Қазір қар еруде. Күн жылынуда. Арагідік қар-аралас жаңбыр қабаттасып, тағы бір келеңсіздіктен хабар бергендей. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing