Осы аптаның тағы бір маңызды тақырыбы 361-дің тізімі. Осыншама компанияға мемлекет дағдарыстан шығуға қолдау көрсетпек. Есте болсаөткен жұманың соңын ала Ұлттық Экономика министрі Руслан Дәленов жүйеқұраушы кәсіпорындардың тізімін ұсынған болатын. Ол құрылыс, көлік, энергетика, сауда, жылжымайтын мүлік, тау-кен және өңдеуші өнеркәсіп салаларын қамтиды. Осы 361 компанияға қаржылай және салықтық жеңілдіктер жасай отырып экономиканы модернизациялауды мұрат тұтқан екен. Алайда аталған кәсіпорындардың 80-і бір ғана адамға тиесілі деген сөз шықты. Бұның сыртында өңдеушілікпен алты аласы, бес бересі жоқ, алып сатарлықпен отырған алпауыттардың бар болуы бірден қоғамның қарсылығын тудырды. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстантағдыры қалай болмақ?
Hide player controls
Hide resume playing