Еліміз жаппай қауіпті індетпен күресіп жатқанда, кейбір пысықайлар қалтаның қамын ойлауға кіріскен. Шымкентте медициналық масканы қамбат бағаға сатпақ болған екі жігіт ұсталды. Олар бетпердені өзіндік құнынан 10-20 есеге дейін үстемемен өткізбекші болыпты. Бірақ, арам ойларын іске асыра алмады. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оларды тауарды қолма-қол сатып жатқан жерінен қолға түсірген. Енді күдіктілер жасаған іс әрекеті бойынша заң алдында жауап береді. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing