Myvideo

Guest

Login

Ауыл кімі кшені ардан зі тазалап жр

Uploaded By: Myvideo
355 views
0
0 votes
0

Алматы облысының Алакөл ауданындағы Көлбай ауылының әкімі қарды трактормен өзі тазалап жүр. Жергілікті тұрғындар ауыл басшысының еңбекқорлығына тәнті болып, видеоға түсіріп алған. ҚазАқпарат тілшісі Самал Қабышева хабарласып, мән-жайды сұрағанында ауыл әкімі: «Мен осы Көлбай ауылында туғанмын. Кіндік қаным тамған туған ауылымның халқына қызмет етуден ешқашан шаршамаймын. Қар тазалайтын мекемелер біздің ауылдың ішкі жолдарын толықтай білмейді. Ал мен тракторға отырып алып, жалғыз адам жүретін жолдарды да тазалаймын. Ол жұмысым үшін ешуақытта намыстанған емеспін. Керісінше, халқыма пайдамның тигеніне ризамын. Осыдан екі күн бұрын ғана қарды тазалап едім, тағы да жауды. Қазір тазалап жатырмын», - деді Ержан Шәкеров. 37 жастағы Ержан Шәкеров бес баланың әкесі. Оның Көлбай ауылының әкімі болғанына 1 жыл 2 ай уақыт өтіпті. Ауылға айрықша сіңірген еңбегі үшін Алматы облысының әкімі А.Баталовтың қолынан Президенттің «Құрмет» грамотасын алған болатын. Толығырақ:

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later