Қазақ елі – түркі әлемінің қасиетті шаңырағы.Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханасы “2023 жыл-Түркі өркениетінің даму жылы“ аясында Кітап фестивалін өткізді. Қонақтарды әлем тарихын өзгерткен тұлғалар: әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, сақ патшайымы Томирис, ең танымал археологиялық қазына Алтын адам, береке-молшылық тәңірісі Умай аналар қарсы алды. “Түркі өркениеті“ көрмесіне қолөнер шеберлерінің туындылары, сауда-саттық тауарлары қойылды. Тамыры терең Түркі өркениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға келген қонақтарға әр бағыттағы алаңдар ұсынылды. “Түркілерден бастау алған дала өркениеті“ тейбл-ток алаңында тарих пәнінің ұстаздары Аслан Маратұлы және Спатаева Шырақ Сағындыққы тарих тереңіне бойлап, байырғы бабаларымыздың мол мұрасын көрсететін маңызды мәліметтерді қамтыды. #дүниежүзіліккітапжәнеавторлыққұқықкүні #кітапфестивалі #Түркіөркениетініңдамужылы #БалқашОҚБК #ЦГДББалхаш
Hide player controls
Hide resume playing