350 ОТБАСЫҒА РАМАЗАН СЫЙЫ ЖЕТТІ Алла Тағала қасиетті Құранда ораза тұтып, бес уақыт намаз оқып, зекет төлеп, қажылыққа өтеп, садақа беріп, жақсылық жасап, аш адамды тойдыруға бұйырған. Шариғатта шамасы жетіп тұрып зекетін бермесе, намазы қабыл болмайтыны айтылған. Зекет – садақаға жатпайды. Өйткені, ол – парыз амал. Ал, садақа беру – жалпы жұрт беруге болатын сауапты әрі қайырлы іс. Алла Тағала сараңдықты сүймейді. Түркістан қалалық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиевтің ұйымдастыруымен “Жұма” мешітінің жамағаттары Рамазан айының алғашқы сыйын тарқатты. Сәресі мен ауызашарға қажет болар деген ниетпен 350 отбасыға азық-түлік берілді. Сондай-ақ үш ірі қара мал сойылып, еті қоса үлестірілді. Қайырымдылық қаладағы үш мешітте тіркеуде тұрған қал-жағдайы нашар жанұяларға жеткізілді. Қала имамы Ұлықбек Әлиакбарұлы демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!
Hide player controls
Hide resume playing