Кешегі Астананың бет қаратпас ызғарлы боранында жол ортасындағы мына бір жігіт, көпшілікті таң қалдырды. Ел басына қандай да бір күн туа қалса, қара басының ғана емес, халықтың қамын ойлайтын азаматтар өсіп келе жатқаны қуантады. Қара суыққа қарамай, жол апатының алдын алып тұрған осі жігітті, жау жағадан алғанда жаудың жолын бөгейтініне сенімдімін. Алаштың айбынды ұрпақтары көп болсын. Алла тағала бүгінгі жұмада жасаған ғибадатымызды қабыл етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алла елімізді тілсіз жаудан, табиғи апаттардан, сыртқы жаулардан, жемқорлар мен сатқындардан сақтасын. Әумин.
Hide player controls
Hide resume playing