ТҮРКІСТАН - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ 2017 ЖЫЛҒЫ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ Көне Түркістан түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жарияланды. Сөйтіп, киелі шаһар елордамыз Астана, Түркияның Ескишехир, Түркменстанның Мары, Әзербайжанның Шеки қаласынан кейін мұндай мәртебеге лайық деп танылған бесінші қала атанды. Бұл шешім Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің 34-отырысында бірауыздан қабылданды. Алқалы жиынға Ұйымға мүше елдердің мәдениет министрлері, Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы мен Халықаралық Түркі Академиясының өкілдері қатысты. Басқосуда ұйымның бір жылда атқарған іс-шаралары сараланып, алдағы жұмыс жоспары бекітілді.
Hide player controls
Hide resume playing