Myvideo

Guest

Login

Ата атты саындым

Uploaded By: Myvideo
217 views
0
0 votes
0

Тең келмейтін алтын да еш қолдағы, Өзің едің,ата,үйдің зор бағы. Жарық берер айымыздай көктегі, Болушы едің жанымыздың қорғаны. Біздер үшін асқар едің,шың,асқақ, Сенсіз қалды жанымыз да тым ақсап. Жанарларды жәудіретіп мәңгілік, Кеттің,ата,жанымыздан жырақтап. Жадымыздан өшпес мәңгі,ата, Апама гүл,ал біздерге бер бата . Немерең де,шөбере мен шөпшегің, Бәрі сені сағынуда,ата шын. Шырақ едің,сәуле едің,ай едің, Жаның толы,мейірімге бай едің. Ілім,білім,тәрбиеге қаныққан, Үлгі алар ер атына сай едің. Жанға бермес,біртуарым,еренім, Жар едің ғой,ата едің,ер едің. Жан атам-ау,жанға батып жоқтығың, Сабылумен сағынуда ел ерін. Жан ата,қызметте бапты ерім, Елге сыйлы,абыройлы,даңқты едің. Кеткеніңде келмейтін боп енді еш, Сені жоқтап,күңіреніп жатты елің. Сен кеткенде жанарлар да жылап тым, Жігеріміз кетті сынып,сұлап мың. Жан ата,жаның болғай әрқашан, Ең ерекше,ақ төрінен жұмақтың.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later