Жалғыз ұлы жол апатынан қазаға ұшырап, ұрпағы жалғаспай күйреп қалған ақсақал әлдекімнен баласынан қалада тұяқ қалды-мыс деген әңгіме естиді. Оның алдыңғы күндердің бірінде үйге бақилық ұлы Сұлтанды іздеп бір қыз хабарласқан. Телепон құлағын көтеріп, жауаптасқан бәйбішесіне қыздың дауысы жұмбаққа толы болып естілгендей болады. Бұл сөз әлгі кездейсоқ естіген әңгіменің шаласын үрлеп, қарттың жалғыз ұлдан тұяқ қалуы мүмкін-ау деген үмітін қоздата түседі. Шал бір сәтті күні кемпіріне «мені сұрағандарға ауруханаға кетті дерсің» деп, қа-лаға ұрпағын іздеп жолға шығады.
Hide player controls
Hide resume playing