Айдың-күннің аманында аяғыңыз істемей қалса қайтесіз? Жүре, тіпті тұра алмасаңыз ше? Бір сәт елестетіп көріңіз... Қорқынышты, иә? Кейіпкеріміз Ержан қазір дәл сондай күйде. Сап-сау боп жүрген жігіт абайсызда 4-қабаттан құлап, омыртқасын сындырып алыпты. Сүйектің арасына жұлыны қысылып, қимыл-қозғалысы шектелді. Қазір дәретке баруға да дәрменсіз. Ер адам болған соң анасына да айта алмайды екен. Оқыс оқиға жарты жыл бұрын болса да, ешқандай жәрдемақы тағайындалмапты. Әкесіз өскен бір үйінің жалғызы көмекке зәру. #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing