2014 жылы ақпанда теңге күрт әлсіреп, сәйкесінше күнделікті тұтынатын тауарлар бағасы өсе бастады. Содан бері бірнеше рет девальвация болып, қазір доллар бағасы 435 теңгеге жетті. 7 жыл ішінде әлеуметтік маңызы бар тағамдар қаншалықты қымбаттады? Баға өсіп жатыр, ал жалақы ше? Одан бөлек Түркістанда құны 87 миллиард теңге болатын “Керуен сарай” кешені ашылды. Осынша қаражатты қайда жаратуға болар еді? Бүгінгі шығарылымда осы және басқа да соңғы жаңалықтарды талқылаймыз.
Hide player controls
Hide resume playing