Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы - қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы. Ананың мойнына жүктелген ауыр жүк – ана болу, ал көп баланың анасы болу нағыз ерлікке татиды. Осындай үлгілі де өнегелі отбасылардың бірі Сарыөзек ауылының тұрғыны, көп балалы ана, «Күміс алқа» иегері Бағдат Ахмадиева жолдасы Үсен Қалмақпаевпен 7 бала тәрбиелеп өсіруде. «Ана атанып, ұрпақ тәрбиелеу менің міндетім болса да, мемлекет тарапынан “Күміс алқа” тағынып, құрметке бөленіп отырғаныма ризамын. Балаларымның әрқайсысы елдің өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдімін», – дейді көп балалы ана. Отбасы – шағын мемлекет, сол себепті «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының арқасында отбасынан бастау алатын мейірімділік, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін ұрпақ сіңірсе, мемлекетіміздің келешегі мол болып, ұлтымыз өркендейтіні сөзсіз.
Hide player controls
Hide resume playing