НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 31 қаңтарында сағат -те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Hide player controls
Hide resume playing