Түркістан қаласында студенттер арасында шу шықты. Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 300-ге жуық студентіне оқудан шығып кету қаупі төніп тұр. Өйткені, олардың оқу ақысы ретінде жасаған 45 миллионға жуық төлем ақысы қазынаға құйылмай, алаяқтардың қолында кеткенге ұқсайды.
Hide player controls
Hide resume playing